Мектеп паспорты

КММ «№56 жалпы орта білім беретін мектеп» Ақтөбе қаласы

Қызмет түрі:жалпы орта білім беру
Меншік иесі:мемлекеттік
Мекен-жайы:Ақтөбе қ. 12 шағын аудан 37 «В»
Байланыс телефоны:8 (7132) 458246
e-mail:mektep.56@mail.kz
Жұмыс уақыты:дүйсенбі-жұма 7.30-19.00
Құрылған жылы:2015 ж.
Қабат саны:3 қабат
Мектеп территориясының жалпы аумағы:11303,6 кв.м
Мектеп ғимаратының аумағы:8978,6 кв.м
Жобалық қуаты:900 орын
Класс-комплектілер саны:85
Оқыту тілі:Орыс, қазақ
Оқушы саны:2236 оқушы.   1-4 кл – 907 оқушы, 5-9 кл – 1060 оқушы, 10-11 кл – 269 оқушы. 1-ауысымда –43 класс – 1128 оқушы. 2-ауысымда –42 класс – 1108 оқушы
Қызметкерлер саны:195 қызметкер, оның ішінде педагогтар саны – 151: Жоғары білімді-140 Арнаулы орта білімді-11 Квалификациялық санаттары бойынша: Педагог-шебер 3 Педагог-зерттеуші 38 Педагог-сарапшы 44 Педагог-модератор 32 Санаты жоқ – 34
Мұғалімдердің орташа жалақысы:340 000 теңге
Қолданыстағы инфрақұрылым:Мектепте спорт залы, кітапхана оқу залы мен медиатекасымен бірге 247,6 ш.м., медпункт + егу кабинеті, логопункт, психолог, стоматолог, дефектолог кабинеті, IT-кабинет және “Робототехника” кабинеті, Coworking алаңы, тир бар.
Ғимараттың жағдайы:қанағаттанарлық.
Аттестациядан өту күні:желтоқсан 2025ж
Мектеп директоры:Наримбетова Гульнара Мухангалиевна
Еңбек өтілі :35 жыл.
Санаты: бірінші санатты басшы, педагог-зерттеуші
Анықтамалық ақпарат:  №56 жалпы орта білім беретін мектеп 2015 жылдың 3 қаңтар айынан бастап жұмыс істейді. 10 жыл ішінде № 56 ЖОББМ әр жылдары конкурс         нәтижелері бойынша номинант атанды: «Үздік білім беру ұйымы» – Международная Академия наук Педагогики и Инновационных технологии». 2017 жыл.ІІІ орын. Ғылым негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жалпыкомандалық орын. 2017 жыл.«Үздік спорттық жоба» Ақтөбе  облысының орта білім беру ұйымдары арасында өткен  «Биіктерге бірге!» байқауы, 2017 жыл.«2018 жылдың үздік мектебі, үздік колледжі» Ақтөбе қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген байқау.«Үздік білім беру ұйымы» тамыз кеңесі аясында «Орта білім беретін үздік ұйым» республикалық байқауының нәтижесі бойынша «биология кабинеті». 2018 жыл.ІІІ орын. Ғылым негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жалпыкомандалық орын. 2019 жыл. «Самая умная школа» в общегородской олимпиаде, посвященной 150-летию города Актобе, по предмету «Математика+Логика» 2019 год.2021-2022 оқу жылында жалпы  білім беретін мектептер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде (қалалық) жалпы командалық есепте ІІ орын иеленді.2021-2022 оқу жылында жалпы  білім беретін мектептер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінде (облыстық) жалпы командалық есепте ІІ орын иеленді.2022-2023 оқу жылында жалпы  білім беретін мектептер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде (қалалық) жалпы командалық есепте І орын иеленді.2022-2023 оқу жылында жалпы  білім беретін мектептер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінде (облыстық) жалпы командалық есепте ІІ орын иеленді.2024-2025 оқу жылында жалпы  білім беретін мектептер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде (қалалық) жалпы командалық есепте ІІ орын иеленді.2024-2025 оқу жылында жалпы  білім беретін мектептер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінде (облыстық) жалпы командалық есепте ІІ орын иеленді.       2022-2023 оқу жылынан бастап мектепте ЕМЦ пәндері бойынша жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді оқу бағдарламаларына енгізу эксперименталды алаң жұмыс жасауда. Ол оқушыларға зерттеу және ғылыми-технологиялық әлеуетті күшейтуге, сыни, инновациялық және шығармашылық ойлау, проблемаларды шешуге, коммуникация мен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. STEM-элементтерді қолдану ЕМН пәндері арасындағы “ортақ тақырыптарды” зерттеуде өте тиімді.     Балаларға қосымша білім беру арқылы оқушылардың тұлғалық, әлеуметтік-мәдени құндылықтарына оң қарым-қатынасқа, адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал ету мақсатында мектепте футбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, робототехника, ІТ-кабинет, бокс және И. Білтабанов атындағы әскери-патриоттық клуб жұмыс жасайды. Мектеп жертөлесінде  бокс және тир  залдары жабдықталған.      Мектепте “дарынды балалар” бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру, негізгі құзыреттілікті қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Бұл бағдарлама әртүрлі жастағы (7-16 жас) балаларға арналып, келесі бағыттарды қамтиды: жеке оқыту жоспары бойынша жұмыс; оқушыларды қызығушылықтары бойынша жобалау-зерттеу жұмысына қосу; оқушыларды оқу іс-әрекетінде белсендіруге бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар.     Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектепте жыл сайын төрт бағыт бойынша (тілдік, математикалық, робототехника, ІТ) “Атамекен” мектеп жанындағы лагері, балалар ойын алаңы, еңбек отрядтары жұмыс істейді.      Мектеп ұжымында атақтары мен марапаттары бар тәжірибелі педагогтар, сондай-ақ ізденімпаз, креативті, жігерлі жас мамандар көп. Олар білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз ету, мектепті табысты ету мақсатында жұмыла жұмыс жасайды.
Мектеп директоры туралы мәлімет:

Білімі: жоғары, 1990 жылы, Ақтөбе педагогикалық институты, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі Еңбек өтілі:          Жалпы еңбек өтілі:  35Педагогикалық еңбек өтілі: 35 Жұмыс тәжірибесі: 1990 – 1992 жыл – Хобда орта мектебі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; 1992 -2003жыл – № 23 орта мектеп – лицейі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; 2003-2009 жыл – № 23 орта мектеп – лицейі, ҒӘІ жөніндегі мектеп директорының орынбасары; 2009-2011жыл – №16 ОМ директоры; 2011-2022 жыл – № 23 орта мектеп – лицейі директоры; 2022ж 26 тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін № 56 жалпы орта білім беретін мектеп директоры;