Кітап оқитын – ұлт

«Кітап оқитын – ұлт» жобасы аясында мектебіміздің 6 «Б» сынып оқушылары арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, көркем әдебиетті насихаттау мақсатында «Сүйікті кейіпкерім» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараны 6 «Б» сынып жетекшісі Атаева Айсұлу апай мен мектеп кітапханашылары бірлесе өткізді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өздері оқыған шығармалардағы сүйікті кейіпкерлері туралы ой бөлісіп, кейіпкерлердің бойындағы жақсы қасиеттерді атап, өз пікірлерін ортаға салды. Әр оқушы сүйікті кейіпкерінің несімен ерекше екенін айтып, кітаптан алған әсерімен бөлісті. Осындай тағылымды кездесулер оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденісін дамытуға ықпал етеді. Кітап – ақылдың кені, ал сүйікті кейіпкер – жүрекке жол тапқан сырлас дос!