Бүгін мектебімізде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Алқа» оқырмандар клубының ұйымдастыруымен Жыр әлемінің көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының мүшесі, ақын Оралбай Кәметияұлымен “Шың биіктік басталады өлеңнен”атты әдеби кездесу кеш өтті. Кештің басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық поэзияны дәріптеу, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ақын шығармашылығы арқылы сөз өнерінің қадір-қасиетін таныту. Әдеби кеш барысында мектебімізге облыс көлемінде танымал, поэзияға жаны жақын «Жауқазын» шығармашыл оқушылар тобы ақынға арнаған жырларын оқып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Жас оқырмандар ақынмен сырлы сұхбат құрып, шығармашылық жолы, өлең әлемі, кітап пен руханият жайлы ойларын ортаға салды. Кеш барысында мектеп кітапханашылары Оралбай Кәметияұлының шығармаларынан жасақталған кітап көрмесін таныстырып, ақынның әдеби мұрасы мен жыр жинақтарына кеңінен тоқталды. Оқушылар ақынның жаңа туындыларымен танысып, кітаптарын оқуға қызығушылық танытты. Кездесу барысында ақынның өнегелі сөзі мен сырлы жырлары жас оқырмандарға ерекше әсер қалдыр