«Кітап оқитын – ұлт» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру

«Кітап оқитын – ұлт» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхана қорын толықтыру, кітапты қадірлеу және оқырмандық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 1А сынып оқушылары арасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Кітап – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын рухани мұра. Осындай игі акциялар арқылы жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығы артып, мектеп кітапханасының қоры жаңа әдебиеттермен толықтырыла береді. «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын алдағы уақытта да жалғастырып, оқушылар мен ата-аналарды кітапхана қорын толықтыруға белсенді қатыстыруына ұсынылды.