Оқулықтардың техникалық жағдайын ретке келтіру туралы қалалық білім бөлімінің бұйрығы

2026 жылдың 28 қыркүйек күні.
Оқулықтардың техникалық жағдайын ретке келтіру туралы қалалық білім бөлімінің бұйрығы негізінде оқушыға пайдалануға берілген пән оқулықтарын, сынып жетекшілерімен бірлесіп мектеп кітапханашылары Т.З. Утепова мен Г.У. Сағатова оқулықтарды тексерді.Тексеру барысында оқулықтардың жаңа және таза екендігіне көз жеткізді. Бұдан былай да сол қалыпты жағдайды, тазалықты ұстауға кеңес берілді. Тексеру барысында сынып оқушыларына оқу құралдарын алып жүру, оны күтіп ұстау қажеттігі туралы түсініктемелер берілді.