«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «12 ай – 12 кітап»

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «12 ай – 12 кітап» бағдарламасы бойынша 2 «В» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Ахметова Үміттің ұйымдастыруымен «Жеті лақ» ертегісі желісінде әдеби қойылым көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегі арқылы адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, шығармашылық қабілеттері мен сахналық шеберліктерін дамыту.
Қойылым барысында оқушылар ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін шебер сомдап, көрсете білді. Ертегі мазмұны арқылы балалар үлкендердің ақылын тыңдаудың, сақтық пен қырағылықтың, бірлік пен татулықтың маңызын ұғынды.
Осындай шығармашылық іс-шаралар оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, әдеби шығармаларды тереңірек түсінуіне және рухани дүниесінің байып, жан-жақты дамуына ықпал етеді.
#shkola_56@bk.ru
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
#Балалар кітапханасы 2026