📚 Бүгін Ақтөбе қаласындағы №56 жалпы орта білім беретін мектепте «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен 5–6-сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. 🧠 Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және дарынды оқушыларды анықтау.
🌟 Білім бәйгесінде оқушылар өздерінің тапқырлығы мен математикалық қабілеттерін көрсетті. Мектепішілік кезеңнен өтіп, қалалық кезеңге жолдама алған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 Алдағы кезеңде жас математиктерімізге сәттілік тілейміз! Мектебіміздің мерейін асқақтатып, биік белестерді бағындыра беріңіздер! 🏆✨