Эстетика әдістемелік пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен “Ғажайып әлем” тақырыбындағы апталықтың салтанатты ашылуы өтті.
Бұл апталық — әр оқушының бойындағы жасырын талантты оятып, қиялына қанат бітіретін ерекше уақыт. Алда бізді қызықты көрмелер, шеберлік сағаттары, әуезді әндер мен шығармашылық байқаулар күтіп тұр.
Өнермен өрілген апталықтың әр сәтін бірге тамашалайық! Сіздерді белсенді қатысуға шақырамыз!
Апта аясында:
❖ Ашық сабақтар;
🎨 Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі;
🎶 Музыкалық кеш – ән, күй, аспаптық шығармалар мен музыкалық қойылымдар;
🎭 «Жарқыра жас жұлдыз» шығармашылық байқауы – оқушылардың өнерлі қырларын таныту;
🖌️ «Әсемдік әлемі» шығармашылық шеберлік сағаттары – сурет салу, қолөнер және сәндік өнер бағыттары;
🌷 Эстетикалық тәрбиеге арналған танымдық кездесулер, шебер класс, сыныптан тыс іс-шаралар болады.