🌟 ВОЛОНТЕРЛІК — ЖАҚСЫЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ!🌟

Бүгін «Қазағап» өнер мектебінде волонтерлердің жеке даму дағдыларын жетілдіруге бағытталған SOFT SKILLS тренингі өтті. 🤝✨
Тренингке мектебіміздің «VOLUNTEER MEN» еріктілер клубының мүшелері белсенді қатысып, өздерінің коммуникативтік қабілеттерін, топпен жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік алды. 💡
Іс-шара қорытындысы бойынша клуб мүшелері арнайы сертификаттарға ие болды! 🏆👏
Жас волонтерлерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! Әрдайым белсенді болып, игі істердің жаршысы атанып, қоғамға пайда әкелетін азаматтар болуларыңа тілектеспіз! 💚
👨‍🏫 Клуб жетекшісі: Хамит Бекзат Қуанышұлы